7 шілдеден бастап Алматы облысының ХҚО-лары халықты тек брондау арқылы қабылдайды.

Главные вкладки

июл 06, 2021 / 0 комментарии

Алматы облысында коронавирустың таралуына байланысты облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысы шеңберінде 2021 жылғы 7 шілдеден бастап ХҚО-лар азаматтарды тек алдын ала брондау бойынша қабылдайтын болады деп хабарлайды Kaskelen.kz.

ХҚО-ға келген кезде санитарлық талаптарды сақтауды ұмытпаңыз - бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз.

Сондай-ақ ХҚО қызметкерлері келушілердің мәртебесін Ashyq қосымшасы арқылы анықтайтын болады.

ХҚО-ға кезекті eGov порталы, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы және @kenes1414bot телеграм-бот арқылы брондауға болады.