Kaskelenkz жаңалықтар топтамасы: Қарасайлық аналар неге жылады? (видео)

Главные вкладки

Feb 23, 2019 / 0 комментарии

Kaskelenkz-тің осы аптадағы жаңалықтар топтамасынан көретіндеріңіз:

1.Қарасайлық аналар әкімдік алдына жиналды. Олар аудан басшысына не айтқысы келді?

2.Бір түнде бір ауладағы сегіз көліктің аккумуляторын жымқырған кім? Ұрылар ұстала ма?

3.Қаскелеңдегі кәріз бен су құдықтарының қақпақтары жаппай жоғалып жатыр. Коммуналдық мекеме қызметкерлері тұрғындардан қандай көмек сұрайды?

4.Қала әкімдігіне қатысты тағы қандай шу шықты? Шаһар басшысы не айтты?

5.Кәсіпкерлер осы жылдың сәуір айынан бастап онлайн кассалық аппарат орнатуға міндетті. Өйтпеген жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

6.Абай атындағы мектеп-гимназиясында республикалық семинар өтті. Шара жастар жылы мен педагог мәртебесін көтеруге арналды.

7.Президенттің көңілі үкіметтен неге қалды? Kaspi bank жабыла ма? Елдегі елеулі жаңалықтарға қысқаша шолу.