Қарасай ауданына қарасты «Асыл Арман» ықшам ауданын қазіргі таңда 20 мыңға жуық тұрғын мекендейді. Сәні мен салтанаты келіскен тұрғын үй кешенінде қандай түйткілді мәселе бар? Кішкентай асылармандықтардың арманы не? Баспаналы болсам деген арманның жетегіндегі талай отбасы осы жерден пәтер алып, қуанышқа кенелген. Тұрғын үй кешенінде тұрмысқа қажетті нәрсенің бәрі бар.