Алматы облысының тауларында адасқан екі қыз құтқарылды

Главные вкладки

июн 20, 2021 / 0 комментарии

Алматы облысының тауларында екі қыз адасып кетті. Оларды республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері іздеп тауып, құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Республикалық жедел-құтқару жасағына тауда екі қыздың жоғалғаны туралы ақпарат 19 маусымда түскен. Екі құрбы Букреев шыңына көтеріліп, қайтарда Бутаковка шатқалымен қайтуды жоспарлайды. Алайда әңгімелесіп келе жатып, бағытынан жаңылып, адасып қалған. Қыздар көп ойланбастан құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

Ақпарат түсе салысымен арнайы жасақ іиісшіл итпен бірге Пионер шыңы арқылы қыздарды іздеуге шыққан. Туристер геолокациялық мәліметтерін жіберген. Құтқарушылар көп ұзамай оларды теңіз деңгейінен 1900 метр биіктіктен тауып, көмек көрсетті. Республикалық жедел-құтқару отряды баспасөз қызметінің мәліметінше, тауда жауған жаңбырдан саяхатшылар су болып, мұздаған. Арнайы жасақ қызметкерлері бойжеткендерге ыстық шай, құрғақ киім беріп, қалаға аман жеткізген.