Жылжымайтын мүлік техпаспортын қалай алуға болады?
Главные вкладки
Егер сіз пәтер сатып алсаңыз, үй немесе кез келген басқа жай салсаңыз, міндетті түрде объектінің төлқұжатын алуыңыз керек. Бұл сіздің жылжымайтын мүлікпен байланысты кез келген сауда-саттық үшін ең маңызды құжат. Оны екі тәсілмен: ХҚО арқылы немесе eGov порталы арқылы алуға болады. Әр әдіс туралы егжей-тегжейлі айтып өтейік.
ХҚО арқылы:
- жылжымайтын мүлік бар болған жағдайда қолданыстағы техникалық паспортын және (немесе) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттар
- техникалық паспорт үшін төлемді растайтын құжат. Ол екі кезеңде ұсынылады: 1) Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш берген кезде төлем баға прейскурантына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру бойынша қызметтің базалық құны түрінде жүргізіледі; 2) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын алған кезде баға прейскурантына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру бойынша орындалған жұмыс үшін толық төлем (қосымша ақы) жүргізіледі.
Портал арқылы Еgov.kz:
- Порталда авторизациядан өтіп, қызметтерді іздеу арқылы "жылжымайтын мүлік" бөлімін тауып, "жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын алуға электрондық өтініш беру" қызметін таңдаңыз, Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз
- Тізбеде көрсетілген құжаттарды тіркеу қажет болады
- ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қойыңыз
Ескерту! Пәтерлердің, жатақханалардағы бөлмелердің, жеке гараждар мен саяжай құрылыстарының құқық иелері онлайн-сұраныс жасай алады.
Құжатты дайындау мерзімі құрылымның түріне байланысты. Техникалық тексеру қорытындысы бойынша пәтердің, жатақханалардағы бөлменің техпаспорты үшінші жұмыс күні, ал жеке гараждар мен саяжай құрылыстарына — бесінші жұмыс күні беріледі.