Карантинге алынған "Асыл Арман" тұрғын үй кешені тәулік бойы бақылауда

Главные вкладки

апр 10, 2020 / 0 комментарии

Толық карантинге алынған "Асыл Арман" тұрғын үй кешені тәулік бойы бақылауда, деп хабарлайды Kaskelenkz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қарасай ауданында кентаралық аумақтардағы және карантинге алынған "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің айналасында орналасқан жаяу бекеттермен қоса негізгі жеті тосқауыл-бекет жұмыс істейді.
«Аталған тұрғын үй кешені қазіргі уақытта біздің жіті бақылауымызда. "Асыл Арман" ТК аумағы маңында тәулік бойы полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер қызмет атқаратын 6 жаяу бекет қойылған. Күзет орындарына түсетін нарядтар тиісті бақылау және тексеру жұмыстарын және азаматтармен профилактикалық іс –шараларды жүргізеді. Сонымен қатар,карантин режимі кезеңінде қауіпсіздік шаралары мен барлық белгіленген ережелерді сақтауға шақырады» ,-дейді Қарасай ауданы полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Асхат Данияр.
Барлық бекеттерде тәулік бойы жүз тәртіп сақшысы қызмет атқарады. Сондай - ақ, жаяу нарядтар "Алтын Орда" базарының солтүстік қақпасы мен Іргелі ауылындағы жаңа құрылыс бағытындағы "Құрдас-7" базарының маңында қойылды.
Бүгінгі таңда Қарасай ауданындағы бекеттер :

1. Жаңатұрмыс кентінің жоғарғы трассасы;

2. Алтын орда базары;

3. Алтын орда базары (батыс жағы);

4. Кемертоғанға бұрылыс (Ергелді кенті);

5. Түрік бұрылысы;

6. 71 разъезд;

7. Іргелі ауылы Шұғыла көшесі, Алтын орда базарына кіреберіс;

8. Абай көпірі; Алтын Орда базарының солтүстік қақпасы мен Іргелі ауылындағы жаңа құрылыс бағытындағы "Құрдас-7" базарының маңайларында орналасқан.
9. "Асыл Арман" тұрғын үй кешені айналасындағы тосқауылдаушы бекеттер ТК орталық кіреберісінде, барлық жағындағы кіру/шығу жолдарында (батыс, солтүстік, оңтүстік);

10. Індетке шалдыққан тұлғалар анықталған үйлердің жанында қойылған.
«Құрметті азаматтар, карантиндік аймақ тұрғындары, сіздерді карантиндік режимді, қауіпсіздік және жеке бас гигиенасының барлық нормаларын қатаң сақтауға, сондай-ақ уақытша шектеулерге шыдамдылық танытуға шақырамыз», - деп толықтырды полковник Асхат Данияр.