Қарасай ауданының "Әмір" шаруа қожалығының аумағында қоймаcында өрт шыққан
Главные вкладки
Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ауылында өрт шықты деп хабарлайды Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
2021 жылы 21 қыркүйекте сағат 10:00 - де Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментіне Алматы облысы Қарасай ауданының "Әмір" шаруа қожалығының аумағында қоймада өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Бірінші, өртке қарсы бөлімшелер оқиға орнына келген сәтінде, шамамен 250 шаршы метр қойма алаңдағы құрылыс материалдары мен ауыл шаруашылығы техникасының дөңғалақтары өртеніп жатқаны анықталды. Қаскелең қаласының өрт сөндіру бөлімінен шақыру орнына дейінгі ара-қашықтық 18 шақырымды құрайды. Автожолдарда автокөліктердің көптігімен және автокөлік кептелісінің пайда болуына байланысты оқиға орнына сағат 10:33-те келіп жетті.
Өрт 10:50-де ауыздықталды. Өрттің шығу себебі кәзіргі таңда анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД және Алматы қаласы ТЖД 26 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды.