Қызылордада тергеу изоляторына әкелінген палаудан телефон табылды
Главные вкладки
Қызылордада тергеу изоляторында қамауда отырған А есімді азаматқа танысының алып келген сәлем-сауқатын тексерген мекеме қызметкерлері палауға жасырылған тыйым салынған затты тауып тәркіледі.
Танысы Samsung маркалы телефон, «Beeline», «Activ» сим картасы мен 2 дана қуаттағыш құрылғысын фольга кағазына орап, тамақ ішіне жасырып өткізбек болған.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481 бабына сәйкес іс –құжаттары процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды.