Алматы облысында өткен тәулікте 49 адамнан коронавирус анықталды деп хабарлайды Kaskelen.kz.
Соның ішінде Талғар ауданында 12 жағдай, Талдықорған қаласында - 8, Қарасай ауданында – 7, Іле ауданында – 6, Қаратал ауданында – 4, Жамбыл ауданы мен Текелі қаласында 3 жағдайдан, Балқаш және Ескелді аудандарында 2 жағдайдан, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарында 1 жағдайдан тіркелді.