Ташкенттік тик-токер 10 тәулікке қамауға алынды

Primary tabs

Mar 12, 2022 / 0 comments

Жануарларды мазақ еткен видеосы үшін Ташкент тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

Ол кадрларды Tik-Tok желісінде жариялаған. Ұсталған азамат әлеуметтік желіде жариялаған видеолардың бірінде ол мысықты мазақ еткен. Ал, екінші видеосында ол иттің кесілген басымен тик-ток түсірген.

 

Тик-Ток қолданушылары биліктен тик-токерді жануарларға жасалған қатыгездік үшін жауапқа тартуды талап етті. Сот тәртіп бұзушыны 10 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды. Ұсталған азаматтың жасы 18-ге де толмағаны анықталды.