«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ! » акциясы
Primary tabs
Аудан көлемінде өтіп жатқан «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ! » акциясы аясында бүгін, аудандық Орталық аурухана қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды деп хабарлайды Kaskelen.kz.
Кездесу барысында аудан тұрғындары арасында тұрмыста орын алатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың ахуалы, олардың алдын алудағы жоспарлы жұмыстар жайы сөз болды. Құқықтық-ақпараттық сипаттағы бас қосуда ауданымыздың дәрігерлері тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселесіне бей-жай қарамайтындықтарын танытты. Тартымды пікір алмасып, ойларын ортаға салды.