Шамалғанда су бағасы қымбаттауы мүмкін бе?

Primary tabs

Aug 21, 2019 / 0 comments

Шамалған округін ауыз сумен  "Таусамалы" ЖШС  қамтамасыз етеді.  Таяуда мекеме басшылығы тарапынан су тарифі  көтерілетіні хабарланған болатын. Яғни, бұған дейін жұртшылық бір кубқа 100.90 теңге  төлесе, енді 254 теңге төлеуі керек. Осыған байланысты, таяуда тұрғындармен басқосу ұйымдастырылып, оған  Монополияға қарсы комитеттің бас маманы А. Нигметжанов, "Таусамалы" мекемесінің басшысы Б. Айнабеков қатысты. Өз сөзінде Б.Айнабеков мекеменің шығындарын ақтап, ескірген құбырларды жаңартып, өзге де жұмыстарды жүргізу үшін су тарифын көтеру қажеттігін алға тартқан еді. Оған тұрғындар бірауыздан қарсылық білдірді. Әрине, бұл қарапайым халықтың қалтасына ауыр соғатыны анық. Нәтижесінде комитет өкілдері мәселені назарға алып, шешімін алдағы уақытта айтатынын мәлімдеді.