Аудан әкімінің шыршасы өтті

Primary tabs

Dec 25, 2019 / 0 comments

Бүгін «Апорт» моллында аудан әкімінің шырша мерекесі өтті, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

Шара барысында Жандарбек Ермекұлы толық жетім, жартылай жетім, аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан барлығы 83 балаға қыстық киім мен тәттіге толы мерекелік сыйлықтар тарту етті. 

Әдеттегідей, ертегі кейіпкерлері мазмұнына арқау болған сахналық қойылымдар қойылды. Доңыз жылымен қоштасып, Тышқан жылын қарсы алған балалар өздері де өнерлерін паш етіп, Аяз атадан сыйлықтар алды.