Ауыл мектебі апатты жағдайда

Primary tabs

Jan 21, 2020 / 0 comments

Қарасай ауданына қарасты Долан ауылындағы орта мектеп апатты жағдайда. Балаларының өміріне алаңдаған ата-аналар оқушыларды сабаққа жіберуден бас тартты, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. 

Аталған мектептің іргетасы 1948 жылы қаланған екен. 72 жылдан бері жергілікті биліктің назарына ілікпеген білім ордасының төбесі бүгінде опырылып құлауға шақ тұр. Бұл жағдайға қатысты Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі редакциямызға төмендегідей жауап жолдады. 

 "Алматы облысының әкімдігі Қарасай ауданы, Долан ауылында 600 орындық мектеп құрылысының жобалық сметалық құжаттарын дайындауға қаржы бөлді. Сонымен бірге, бүгінгі таңда болашақ мектептің орыны да анық алған. ЖСҚ әзірленгеннен кейін құжаттар ары қарай экспертизаға өткізіліп, артынша мектеп құрылысына конкурс жарияланады. Әзірге ауыл балалары ауылдағы бастауыш мектепке және көрші ауылдағы өзге мектептерге тасымалдануда.
Бастауыш мектеп 1950 жылы қолданысқа берілгенімен, әлі де қолданысқа жарамды. Тұрғындар тарапынан шыққан қобалжуға байланысты арнайы экспертиза ұйымдастырылып, оның қорытындысы ауыл тұрғындарына жария етіледі. Аталған мәселе облыс әкімдігінің бақылауында."

Аталған мектепке қатысты тұрғындар наразылығы мен халық пен жергілікті билік диалогын Kaskelenkz ютуб-арнасынан көре аласыздар.