Коронавирус жұқтырған жүкті әйел шетелден келген
Primary tabs
Қарасай ауданында коронавирус жұқтырған екінші науқас та шетелден келген, - деп хабарлайды Kaskelenkz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1995 жылы туған, Қарасай ауданы "Асыл арман" ықшам ауданының тұрғыны. Вирус анықталған азаматша жүктіліктің 21-22 аптасында. Қазір ол Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасында ем алуда.
Ал "Асыл арман" ықшам ауданында толықтай залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген және науқас тұрған №6 үй карантинге алынған.