"5 минут болды тұрғаныма" жедел жәрдем көлігі өте алмай қалды
Primary tabs
"Автокөлікті дұрыс қою да қоғам алдындағы әр адамның жауапкершілігі".Дәл осындай шағыммен Біздің Kaskelen.kz редакциясына жедел жәрдем көлігінің жүргізушісінен шағым келіп түсті.
Оның айтуы бойынша жедел жәрдем көлігі көпқабатты үйлердің біріндегі кішкентай балаға келген екен.
"5 минуттан асып кетті тұрғаныма.Қарасай ауданының тұрғындары, автокөліктеріңізді дұрыстап қойуларыңызды өтінеміз.Кішкентай балаға келген едік."-, деп үндеу жасады жүргізуші.
Осы жағдайдан кейін әрдайым темір тұлпарыңызды тұраққа орналастырарда "Мен ешкімге кедергі болмаймын ба?" деген сұраққа жауап іздеңіз. Бәлкім, осындай қылығыңызбен сіз біреудің өмірін сақтап қалуға бөгет жасаған шығарсыз?!..