Құқық қорғаушылар қарасайлық көкпaршылардың алдында дәрменсізбе?
Primary tabs
Қаскелең қаласының орталық Наурызбай батыр көшесінде тағыда көкпаршылар жүр,деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі. Бұл жағдай бейнеленген видеоны куәгерлер редакциямызға жолдады. Атқа қонған серілердің қала ортасында асыр салуы бірінші рет емес. Олар көлік қозғалысына кедергі келтіріп,адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп тұрғаны айдан анық. Бұл заңсыздықтың жылына бірнеше мәрте қайталануы нені білдіреді? Жергілікті билік пен құқық қорғаушылар қарасайлық көкпаршылардың алдында дәрменсізбе?