Автобус қозғалысының ара қашықтығы 10-15 минуттан ұзамауы керек

Primary tabs

Қаң 21, 2019 / 0 комментарии

Аудан тұрғындарының бірі Kaskelenkz инстапарақшасы арқылы тағы да қоғамдық көлік тасымалына қатысты өз наразылықтарын білдірді.Шағымданушының айтуынша, Шамалған стансасынан шығып, Мерей ауылын басып өтіп, «Алтын ордаға» барып, кері қайтатын № 323 автобусына адамдар сыймайтынын, маршруттардың арасындағы интервал уақыты тым ұзақтығын айтқан. Сондай-ақ, Іле ауданынан бері қарай қатынайтын № 373 маршрутты автобусты да адамдар көп күтетінін мәлімдеген.

 

Осыған орай, Kaskelenkz тілшісі «Қаскелең автобус паркі» ЖШС-не сауал-хат жолдады. Мекеменің берген жауабында талапқа сай, №323 автобустарының қозғалыс интервалы 10 минут, №373 автобусының жүру аралығы 15 минут екені көрсетілген. Сонымен қатар, «Алтын орда» базары аялдамасында аталған қоғамдық көліктердің ұзақ тұруына қатысты жүргізушілерге қатаң ескерту айтылғанын хабарлаған автопарк басшылығы тұрғындардан алдағы уақытта осындай жағымсыз жағдайлар орын алса, қоғамдық көлік нөмірі көрсетілген дәйектер ұсынылған жағдайда, жүргізушілерге қатысты тәртіптік шара қолданылатынын хабарлады.