Алматыдағы апатты үйлердің сүрілуі: Үй иелеріне қандай ұсыныстар жасалуда
Primary tabs
Алматы қаласының Жетісу ауданында Крылов - Скрябин - Гончаров - Райымбек көшелерінің маңында орналасқан апатты үйлердің иелеріне сүруші тараптан қандай ұсыныстар жасалып жатқанын krisha.kz сайты назарға ұсынды.
Басылым ақпаратына сәйкес, аталмыш аймақтарда тұратын апатты үйлердің тұрғындарына Әуезов ауданында, Жандосов пен Береговой көшелерінің қиылысынан пәтерлер ұсынылуда.
"Тұрғындар осында орналасқан тұрғын үй кешенінде, сол жердегі жаңа үйдің құрылысы аяқталғанға дейін уақытша немесе тұрақты тұра беруіне болады.
Сонымен қатар, егер таңдалған пәтерде бөлме саны сәйкесінше болғанымен, пәтер ауданы үлкенірек болса, үй иесіне қосымша ештеңе төлеудің қажеті жоқ", - дейді "Алматы" ӘКК" АҚ басқарушы директоры Қанат Әлбеков. Қосымша төлем меншік иесі пәтердегі бөлмелер санын көбейтуді қалаған жағдайда ғана қажет болады.
Мәселен, ауданы 50 шаршы метр болатын тозығы жеткен екі бөлмелі пәтерді ауданы 80 шаршы метр болатын жаңа үйдегі үш бөлмелі пәтерге айырбастау кезінде тек 20 шаршы метрге төлеуі керек. Бір шаршы метрдің құны инвестормен тікелей талқыланады.
Айта кетейік, жоғарыда аталған көшелер маңындағы 16 апатты екіқабатты тұрғын үй бұзылады. Олардың орнына барлығы 994 пәтерден құралатын 12 қабатты он бір тұрғын үй бой көтереді.
Инвестор - KazSMU компаниясы. Инвестицияның жалпы сомасы 16,7 млрд теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың қаңтарында басталды.
Құрылыстың аяқталу мерзімі - 2022 жылдың II тоқсаны. Жалпы Жетісу ауданында 163 екі қабатты апатты үй бар. Олардың кейбірі қызыл сызықта орналасқан, ал тұрғындарды көшіру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.