Маңғыстауда Каспий жағалауынан 20-ға жуық түйенің өлексесі табылды

Primary tabs

Сәу 21, 2021 / 0 комментарии

Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауынан 20-ға жуық түйенің өлексесі табылды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жануарлардың өлексесі 20 сәуірде Каспий теңізі жағалауынан (Түпқараған ауданына қарасты "Көсе" деген жер, ел ішінде "Досхана қорасы" аталып кеткен жер) табылған. Мамандардың айтуынша, түйелер ерте көктемде суға батып кеткен болуы мүмкін.

"Бүгін қатты толқын көтеріліп, жануарлардың денесін жағаға шығарып жіберген. Қазір аудан әкімдігі, облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен аудандық ветеринария станциясының қызметкерлері шұғыл іске кірісіп, өлген түйелерді жою жұмыстарын қолға алып жатыр", - дейді Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.