Аудандағы 70 мыңға жуық адам тегін медициналық көмектен қағылуы мүмкін

Primary tabs

Нау 03, 2020 / 0 комментарии

Аудандағы 70 мыңға жуық адам тегін медициналық көмектен қағылуы мүмкін, деп хабарлайды, Kaskelenkz тілшісі. 

Көпшілікке мәлім болғандай, республика бойынша биыл 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген болатын. Аталған медициналық көмек екіге бөлінген: (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көмегі және міндетті әлеуметтік медициналық көмек). Бұл жайында қысқаша айта кетсек, 1 қаңтар мен 1 сәуір аралығында еліміздің барлық азаматтарына, оның ішінде сақтандыру жарналары төлегендерге де, төлемегендерге де шартты түрде қызмет көрсетіле береді. Алайда, сақтандыру жарналары төленбеген азаматтар 1 сәуір айына дейін жарналарды төлеуге тиісті. Егер олай болмаған жағдайда, жоғарыда айтылған медициналық қызмет тегін алу мүмкіндігінен айырылады. Бүгінгі күнде ауданымыз бойынша 69739 адамның сақтандыру жарналары төленбеген. Осы азаматтар 1 сәуір айынан бастап міндетті әлемуеттік медициналық сақтандыру жүйесінен шығып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан тұрғындарға жоспарлық медициналық көмекті дер кезінде алу үшін уақыт жоғалтпай алдымен емханаларда тіркелуге, ал сақтандырылмағандарға тиісті жарналарын төлеуге кеңес беремін. Егер жұмыссыз жандар болса, онда олар аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына барып тіркеліп, «жұмыссыз статусын» алуға тиісті. Кейін сол адамдарға мемлекет тарапынан тиісті жарналар төленеді.