Ауруханада ақ дастархан жайылды
Primary tabs
Наурыз мерекесін Қарасай аудандық орталық ауруханасы да биыл ерекше атап өтті. Ақ желеңділер мейрамда денсаулықтарына орай ауруханада жатқан науқастардың көңілін көтеріп, ерекше көңіл күй сыйлады. Аста-төк дастархан жайып, сырқат жандарға құрмет көрсетті. Наурыз көже ұсынылып, мекеменің басшысы Ербол Жақсылықұлы ақжарма тілегін арнады. Өзі де ортақ дастархан басында отырып, емделушілердің ұсыныс-пікірін тыңдады.
Риза болған үлкендер жағы аурухана ұжымына ақ баталарын беріп, дәрігерлердің қиын әрі жауапты жұмысына сәттілік тіледі.