"Басын кесіп, шелекке салған"
Primary tabs
Аса қатігездікпен кісі өлтірді деп айыпталған Қостанай облысының тұрғыны айыптаушы сұраған жазадан аз мерзімге сотталды. Сот оның кінәсін мойындағанын жазаны жеңілдететін жайт ретінде қарастырғанымен, азамат 15 жылын темір тордың арғы жағында өткізетін болды деп хабарлайды alau.kz.
Айта кетейік, айыптаушы тарап облыс тұрғыны Качар Евгений Булатовичке 17 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын. Ол 2020 жылдың желтоқсан айында Рудныйда спирттік ішімдік алып жатқан уақытта Алексей Михайловты кездейсоқ көріп қалады. Олар түнімен ішімдік ішіп, соңында жанжалдаса бастайды. Кикілжің барысында үй иесі пышақпен жүгірген соң, 31 жастағы Качар Евгений Булатов пышақты тартып алып, бөтелкелесіне көптеген соққы жасаған. Ақырында марқұмның басы қылмыс орнының жанында тұрған шелектен бір-ақ шыққан.
Булатов сотта өз кінәсін мойындады. Айта кетейік, күні кеше Шымкентте 19 жастағы жігітке адам денсаулығына ауыр зиян келтіріп, өлтірді және марқұмның ақшасы мен заттарын ұрлады деген айып тағылғанын хабарлаған едік. Ол саяжайдағы кикілжің барысында жасы келген қарияның тамағын бөтелке сынығымен кесіп жіберген. Артынша сүйіктісіне көрсету үшін құрбанын видеоға түсіріп алған. Сот жігітті Қылмыстық кодекстің 99 - бабы (Кісі өлтіру), 106- бабы (Денсаулыққа ауыр зиян келтіру) және 188- бабы (Ұрлық) бойынша кінәлі деп тапты. Ол 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Өз жазасын қауіпсіздігі аса жоғары колонияда өтейді.