Бүгін Қарасай ауданында коронавирус жұқтырған тағы 1 науқас анықталды

Primary tabs

Мамыр 30, 2020 / 0 комментарии

Бүгін Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 23 адам тіркелді, деп хабарлайды Kaskelenkz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Талдықорған қаласында - 10, Қапшағай қаласында - 8, Қарасай, Панфилов, Алакөл аудандарының əрқайсында 1  жағдайдан және Текелі қаласында 2 жағдай тіркелді. 

Барлық 23 науқас  белсенді түрде анықталды, 14  науқас  бұрын  коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен байланыста болған, 9-ының науқасы профилактикалық тексеру барысында анықталды. 

Барлық науқастар бұрын оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.

Эпидемиологиялық тексерулер жалғасуда.

29 мамырдағы жағдай бойынша Алматы облысында  инфекция жұқтырған 349 адам тіркелген.