Дара кәсіпкерлікті банк қосымшалары арқылы ашуға болады

Primary tabs

Қаң 13, 2021 / 0 комментарии

Дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаны www.egov.kz порталында, сондай-ақ Kaspi.kz, Halyk Bank банк қосымшаларында жіберуге болады, деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Дара кәсіпкерді ашу үшін жеке тұлғадан дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберуі жеткілікті.

Бұдан былай қазақстандықтар Halyk Bank мобилді қосымшасында іске асырылған жаңа сервистің көмегімен үйден шықпай-ақ жеке кәсіпкерлікті тіркей алады. Осыған дейін бұл хабарламаны www.egov.kz электрондық үкімет порталында, сондай-ақ Kaspi.kz қосымшасында жіберу мүмкіндігі болған.

Хабарламаны Halyk Bank қосымшасында бірнеше батырмаларды басу арқылы жіберуге болады. «ЖК болу» сілтемесі бойынша өтсе жеткілікті. Одан кейін, жүйе алдағы қадамдарды ұсынады. Сондай-ақ, ЖК ашудың барлық процесі 5 минуттан аспайды.

Ескере кететін жайт, нысанды толтыру кезінде жеке тұлға қызметті жүзеге асыруды жоспарлап отырған облыстың мемлекеттік кірістер органының кодын, дара кәсіпкердің атауын, мекен-жайын, жүзеге асырылатын қызмет түрін, сондай-ақ салық салу режимін таңдауы керек.

Хабарламаға жеке тұлғаның электронды цифрлық қолтанбасымен қол қою керек.

 

Келесі күні жеке кәсіпкер ретінде тіркеуді Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында тексеруге болады.