Доланда тұрғындар балаларын ескі мектепке жіберуден бас тартты
Primary tabs
Алматы қаласы мен Қаскелең арасында орналасқан Долан ауылындағы бастауыш мектеп құлайын деп тұр. 1947 жылы салынған мектеп қазіргі таңда өте нашар жағдайда. Спорт залы, асханасы, кітапханасы, ғимарат ішінде дәретханасы, тіпті ұстаздар отыратын бөлмесі жоқ мектеп таяу арада құлап тынуы мүмкін деп қорқады жұрт. Ал, ауыл үлкендері аудан әкімі бізге берген уәдесінде тұрмады деп қапаланды.