Екі аптада ҚР-да КВИ жұқтырғандар 1,5 есе артты
Primary tabs
Қазақстан Республикасында 30 наурыздағы жағдай бойынша 243 318 науқастан COVID-19 анықталды және 50 433 адамға КВИ- диагнозы қойылды. 218 031 адам КВИ+ және 47 837 азамат КВИ- жазылып шықты. Соңғы 2 аптада Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Алматы облыстарында науқас саны артып, жалпы КВИ жұқтырғандар 1,5 есе өсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады, - деп хабарлайды Деловой Казақстан.
«Жалпы науқастың 56% Алматыда тұрады, қалада ақпан айында тәулігіне 100 жағдай, наурызда тәулігіне 500 жағдай анықталған. Нұр-Сұлтан қаласында ақпанда тәулігіне 100 жағдай, наурызда тәулігіне 350 жағдай тіркелді», - деді А.Цой.
Төрт өңір қауіпті аймақта (қызыл аймақта) тұр: Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары. Сары аймақта – 3 өңір (Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары). Қалған 10 өңір жасыл аймақта.
Эпидемиологиялық жағдай нашарлаған өңірлерде қосымша шектеу шаралары енгізілді. Ең қатаң шаралар Алматыда қабылдануда. Мұнда 440 адам ауыр халде, тестілеудің тәуліктік қуаты 113 мың зерттеуді құрап отыр.