Елімізде QR-код іске қосылып, халықты төрт түске бөледі

Primary tabs

Ақп 02, 2021 / 0 комментарии

Елімізде қоғам орындарға бару үшін QR-код қажет болады және қазақстандықтарды арнайы түстерге бөледі деп хабарлайды Kaskelen.kz тілшісі.


Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады. Ол үшін «Ashyq» қосымшасы әзірленген. Карантин шаралары кезеңінде қызметі шектелген (spa-орталықтар, фитнес орталықтар, кинотеатрлар) бизнес өкілдері арасында пилоттық жоба өтуде. Енді осы орындарға бару үшін арнайы QR-кодты сканерлеп, кіреберісте көрсету қажет болады. Бағдарлама азаматтарды қызыл, сары, көк және жасыл түстерге бөледі.


:red_circle:Қызыл: қозғалысты шектеуді, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйді оқшаулаудың қатаң режимін сақтауды білдіреді.

Сары: қозғалысты ішінара шектеу – пайдаланушы ПТР деректер қорында байланыста болған ретінде көрсетілген: пациент үйден оқшаулау режимін сақтайтын жерден 500 метрден аспайтын азық-түлік және шаруашылық дүкендерге, дәріханаларға баруға рұқсат етіледі.

:large_blue_circle:Көк: ПТР міндетті болатын орындардан басқа (мысалы, әуежайда) қозғалысқа ешқандай шектеулер жоқ.

Жасыл: қозғалыста ешқандай шектеулер жоқ екенін білдіреді. Бұл пайдаланушы деректер қорында COVID-19 теріс нәтижесі бар ПТР-тестілеуден өткен адам ретінде көрсетілген.