Ертеңі жарқын жұлдыздар

Primary tabs

Қар 07, 2018 / 0 комментарии

Қалбибі Абдуллаеваның алдынан дәріс алған шәкірттері бүгінде республикалық, халықаралық байқауларда жүлделі орындарды еншілеуде. Қазір студияда елуге жуық бала сабақтан тыс уақытта келіп, әншіліктің қыр-сырына қанығуда. Бұдан бөлек, домбыра, қобыз, фортепиано, шертер кластарында да жоғары білімді ұстаздар дәріс береді. Білім алғандар арнайы сертификаттарға ие болады.

            Аудандық мәдениет үйінде өткен «Ертеңіме сенемін!» атты есеп беру концертіне шығармашылық ұжым 1,5 ай тыңғылықты дайындалыпты. Үш сағатқа созылған кеш тізгінін «Шалқар» радиосының бағдарлама жүргізушісі, танымал журналист Гүлмира Нәлібай ұстады. Ал, мәдениет майталмандары тілекші болып бас қосқан құрметті қонақтар қатарын белгілі қоғам қайраткері Болат Назарбаев бастады. Сонымен қатар, облыстық шығармашылық бірлестігінің қызметкері Айгүл Ташболатқызы салтанатты жағдайда өнер студиясының жетекшісіне өңір мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін, Алғыс хат тапсырды.

 

Шәкірттерінің түгелдей сахна төріне шығып орындаған «Ұстаз - Ана» әні есеп беру концертінің өте тамаша нүктесін қойды. Осылайша жиналған көрермен қасиетті Қарасай жерінде, білікті маманның қанатының астында талабы таудай өнерпаз ұландардың өсіп келе жатқанына тағы бір мәрте көз жеткізіп, ерекше әсермен тарқасты.