ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНДА 60 ПӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ

Primary tabs

Ақп 25, 2021 / 0 комментарии

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Биыл Алматы облысының Ескелді ауданында пәтер кезегінде тұрғандар үшін 60 пәтерлі тұрғын үй салынады. Іргетасы мен қабырғасы ағымдағы жылы қаланатын 5 қабатты тұрғын үй аудан тұрғындарына сатып алу құқығынсыз жалға беріледі.

 

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ «Нұрлы жер» бағдармасы аясында салынатын нысанның құрылысына 869,7 млн. теңге бөлінген. Оның ішінде 493,5 млн. теңге Ұлттық қордан берілетін трансферт есебінен, 376,2 млн. теңге облыстық бюджет есебінен қарастырылған.

Қазіргі таңда ​ мердігерлік ​ компанияны анықтау үшін конкурстық жұмыстар жүргізілуде. Көп қабатты тұрғын үйдің бой көтеру жұмыстарына 70 жұмысшы тартылмақ. Жоба бойынша нысанды табиғи ғаз жүйесіне қосу жоспарланған. Айта кету керек, 60 пәтерлі тұрғын үйді сапалы түрде жылумен қамту мақсатында блокты-модульді қазандық жүйесі орнатылады.