Жалған 10 000 теңге айналымда. Сақ болыңыз!
Primary tabs
Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті тұрғындарды айналымда жүрген жалған ақшадан сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.
2019 жылы 8 қыркүйекте Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, Талғар қаласында 10 000 теңге және 5000 теңге номиналдық жалған ақша купюраларын дайындайтын жасырын цехты ұйымдастырған 1989 жылы туылған Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 231-бабы 1-бөлігі (ұлттық Банктің жалған банкноттарын өткізу мақсатында дайындау және сақтау) бойынша қылмыстық ісі қозғалды. Бұдан бөлек Алматы облысының сауда орындарында осы жалған ақша қаражатын өткізу фактілері анықталды.
Оқиға орнында қызметкерлермен:
- "EPSON" маркалы түрлі-түсті көшіру аппараты
- қағаз кесуге арналған станок
- лактар,бояулар, сиялар және ақша купюраларының үлгілері тәркіленген.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Егер сіз осындай фактілерге тап болсаңыз, Департаменттің кезекші бөліміне 8 - 727-2517106 телефон нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз, делінген хабарламада.