Жаңа жылыжай ашылды

Primary tabs

Жел 22, 2018 / 0 комментарии

Қарасай ауданына қарасты  Елтай округінде «Еcoculture Fields» жылыжайы ашылды.   Жалпы аумағы 4,1 гектарды қамтитын жылыжай қазіргі таңда қияр және қызанақ көкөністерін өндіруді қолға алуда.  Жобаның іске асуына «КазАгроҚаржы» АҚ-ы қаржылай қолдау көрсеткен.

Заманауи құрылғылармен жабдықталған бұл кешендегі өнімдерді өсіру үшін тамшылатып суару әдісін қолданады. Компания басшысы Данияр Абдулгафаровтың айтуынша, жылыжай бір жылдан кейін толық қуатты іске қосылады. Жылыжайдың ашылу салтанатына арнайы келген Алматы облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Мақсұт Рамазанұлы бұл жылыжайдың облыс көлемінде алатын орны ерекше екенін алға тартқан.

Жылыжай табиғи газбен жұмыс істегендіктен, одан шыққан түтінді су тамшыларына айналдырып, өнімдерді өсіруге пайдаланылады. Істі жүзеге асырушылар болашақта мұнда түрлі көкөніс, жеміс-жидектердің санын  арттырып,  халыққа қолжетімді, әрі тиімді бағамен  жеткізуді мақсат етіп отыр.