Облыс әкімі аудан тұрғындарын қабылдады

Primary tabs

Ақп 04, 2020 / 0 комментарии

Қарасай ауданы әкімінің халық алдындағы қорытынды есебіне қатысқан облыс әкімі Амандық Баталов тұрғындарды қабылдады, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

Қабылдауға 11 адам жазылыпты.
Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны, жалғызбасты ана Айгүл Меттібаева үйін газға қостыруға 50 пайыздық жеңілдік жасау туралы көмек сұрады. Облыс әкімі ауданға тиісті көмек көрсетуді тапсырды.
Қайнар ауылының кәріз жүйесін жөндеу туралы мәселені Фая Мұсанова айтты. Аталған кәріз жүйесін жөндеуге республикалық бюджеттен қаржы бөлінгені, құрылыс жұмыстары биыл басталатыны белгілі болды.
Береке Абайділданов Әзірбаев атындағы орта мектептің күрделі жөндеуді қажет ететінін айтты. Әзірбаев атындағы мектепті жөндеу жұмыстары биылғы жылға жоспарланғаны белгілі болды.
Ғалия Кушканова Жандосов ауылындағы Тоғаев көшесін жарықтандыруды сұрады.
Үштерек ауылында мектеп салу мәселелерін аудан тұрғындары жеткізді. Үштерек ауылындағы жаңа мектептің құрылысы биыл басталатын болды.
Ал Жаңатұрмыс ауылының бастамашыл тобы елді мекеннің сумен үзіліспен қамтылып отырғанын, әсіресе жазды күндері бұл мәселе қиындап кетенінін айтты.
Аталған ауылға су Алматы қаласына қарайтын Ақсай су бұрғышынан келеді екен. Аудандық ТҮКШ бөлімі өкілінің айтуынша, қазіргі кезде бұл мәселені шешудің бірнеше нұсқасы қарастырылуда. Амандық Баталов барлық нұсқаларды қарастырып, нақты бір шешімге келуді, мәселені жедел шешіп, сумен үздіксіз қамтуды және тұрғындарға мәселенің шешімі туралы ақпанның соңына дейін хабарлап айтуды тапсырды. «Егер қосымша қаржы қажет болса, онда облыстық бюджеттен бөлеміз. Бұл мәселені жеке бақылауыма аламын. Ауылда 5,5 мың адам тұрады. Сумен қамтудың туындап отырған проблемасын жедел тиімді шешуіміз керек», - деді А.Баталов.

Толығырақ Алматы облысы әкімдігінің Zhetysu.gov.kz сайтынан оқи аласыз.