"Жедел жәрдем" басшылығы жемқорлық қылмыс жасады деп күдіктелуде

Primary tabs

Қыр 05, 2020 / 0 комментарии

Алматы облыстық жедел жәрдем станциясы директоры мен  оның орынбасарына қатысты ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.   

 

Олар коронавирус пандемиясымен күресу бойынша дағдарысқа қарсы шаралар аясында «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген арнайы жедел жәрдем автомашинасын жөндеу бойынша қызметтер көрсеткені үшін жасалған шарт бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қою арқылы жалпы сомасы 3 024 930 теңге бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.

 

Ағымдағы жылдың 23 тамызында  күдіктілерге  қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Айта кетейік, біздің аудандық жедел жәрдем қызметі де облыс тарапынан қаржыландырылады.