Желге шыдамаған мектеп қабырғалары

Primary tabs

Ақп 01, 2021 / 0 комментарии

Әрине, ауылда мектеп салынса бәріміз қуанатынымыз анық. Дегенмен, жаңа салынған нысандардың сапалы болғанын да қалаймыз. 22 қаңтарда қатты соққан желдің салдарынан Елтай ауылдық округіне қарасты Исаев ауылындағы орта мектептің сыртындағы қаптамалары жұлынып кеткен.
Бұл туралы @akimat.eltai парақшасында:
«Құрметті Елтай ауылдық округінің тұрғындары. 22.01.2021 жылы сағат 12:00-де қатты жел соғып, дауыл тұруының салдарынан Исаев ауылындағы орта мектептің сыртындағы 70*80 қаптамалары (пеноплекс) жұлынып кетті. Аудандық құрылыс бөлімінің және Елтай ауылдық округі әкімдік мамандары оқиға орнында жұмыс істеуде. Жарақат алған адамдар жоқ. Тұрғындардан сақтық шараларын сақтауды сұраймыз.» деп жазылған дейді Kaskelenkz тілшісі.

Аталған мектеп 2017 жылдың қараша айында «Нұрлы жол» бағдарламасының қолдауымен ашылып, қолданысқа берілген. Мектеп 630 оқушыға арналған. Естеріңізге сала кетейік, дәл осы күні Шамалған бекетінде салынған жаяу жүргіншілерге арналған көпірдің шатыры желге шыдамай ұшқан болатын. Ал бұл құрылысқа мемлекет тарапынан миллиондаған қаражат бөлінген еді.

Қалай ойлайсыз, құрылысына бюджеттен миллиондаған қаражат бөлетін нысандар неге сапасыз?