Коронавирус созылмалы ауруға айналуы мүмкін бе ?

Primary tabs

Сәу 15, 2021 / 0 комментарии

Коронавирус кей кезде созылмалы формаға айналуы мүмкін. Бұл туралы Ресейдің Пирогов атындағы ұлттық медициналық зерттеу университетінің госпитальдық терапия кафедрасының меңгерушісі, респираторлық қауымдастықтың басқарма төрағасы, академик  Александр Чучалин айтты деп хабарлайды шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан. 

"Өкінішке қарай, COVID-тің созылмалы түріне екі рет, үш рет шалдығатын науқастар бар. Бұл – посковидтік кезеңдегі науқастар, яғни олар созылмалы гипоксемиясы (қанда оттегінің азаюы) бар пациенттер. Мен осы мәселеге баса назар аударғым келеді", – деді Чучалин. 

Сондай-ақ, академик коронавируспен ауырып шыққан науқастарды оңалтуға арналған диспансерлерді құру қажеттігін ерекше атап өтті. Бұған дейін Чучалин коронавируспен ауырып шыққаннан кейін өкпені күшейтудің бірнеше әдісі туралы айтқан болатын. Ол посковидтік оңалту шаралары кезінде дұрыс тамақтану қажет деп санайды. Әсіресе, Омега-3 майлы қышқылы бар өнімдерді көбірек жеген дұрыс. Соның арқасында тромбоциттердің белсенділігі төмендейді. Қабынудың қаупі де азаяды. Эпителийлерге зақым тимейді. Сосын дәрумендерді ішкен жөн. 

Айта кетейік, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Қазақстанда коронавирусқа қайта шалдығудың екі жағдайы тіркелді деп мәлімдеген болатын. Себебі бүгінде инфекцияның жаңа штамдары шығып жатыр.