Күйеуім әкесінің көзінше шешіндіріп, сабады

Primary tabs

Нау 18, 2021 / 0 комментарии

Қазақстандық Эльвира Келмағамбетова Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында видеоүндеу жариялап, көпшіліктен көмек сұрады. Ол өзінің 6 жыл бойы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырап келгенін және 2 баласын көрмегеніне 1 жылдан астам уақыт өткенін айтты деп хабарлайды Kaskelen.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасай отырып.

"Мен - Әліби және Саида есімді екі баланың анасымын. Балаларыммен жүздеспегеніме 1 жылдан асты. Менің қолымда балалардың тұратын жерін анықтау туралы сот шешімі бар. Мен 2020 жылы сотта балаларыммен бірге болу құқығым үшін күрестім. Алайда, балаларымның әкесі ол шешімді орындап отырған жоқ. Мен оның басшысына хат жазып, көмек сұрадым. Алайда, одан да ешқандай нәтиже болмады», - дейді Эльвира.Балаларына жете алмай отырған ана Қазақстандағы заңдардың іс жүзінде орындалмайтынын айтып қынжылды. Оған мысал ретінде Сымбат Құлжағарованың оқиғасын келтірді.«Президент мырза, сізден Конституцияның кепілі ретінде көмек сұраймын. Мемлекеттік органдар өз жұмысын атқармайды.