Әйелдер күресінен Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы алғашқы күні екі алтын алды

Primary tabs

Сәу 15, 2021 / 0 комментарии

Алматыда күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатының үшінші жарыс күнінде әйелдер күресінің өкілдері өзара мықтыны анықтады деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бүгін арулар бес салмақ дәржесі бойынша сынға түсті және Қазақстан құрамасының қоржыны екі алтын, бір қола медальмен толықты. Құрлықтық доданың алтынына ие болған отандасымыздың бірі- 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Валентина Исламова-Брик. Ол әйелдер финалда өзбекстандық балуанмен кездесіп, қарсыласын айқын басымдықпен уақытынан бұрын жеңіп, Азия чемпионы атанды. Валентина жол берген Өзбекстан балуаны Жасмина Иммаева күміс жүлдегер атанса, үндістандық Сима Сима қола жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық балуан Эльмира Сыздықова қарсылас шақ келтірмеді. Жарыстың финалында ол қырғызстандық Айпері Медетқызын жеңді.

Аталған салмақ дәрежесінде үндістандық Пооджа Пооджа қола жүлдені иеленді. Ал 55 келіге дейінгі салмақта жарыс жолына шыққан Айша Уәлишан құрлықтық біріншіліктің қола жүлдесін иеленді. Ол үшінші айналымында өзбекстандық Мадина Усмонжоноваға 4:1 есебімен жол берді.  Дегенмен алғашқы кезеңде қарсыласын жеңіп, жинаған ұпайы жарыстың қола жүлдегері атануына мүмкіндік берді.  Бұл салмақта моңғолиялық Дулгун Мунхболд Болармаа топ жарды. Өзбекстандық Мадина Усмонжонова күміс жүлдегер атанды.