Партияға 20 жыл
Primary tabs
«Нұр Отан» партиясы – елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамытуға бағытталған Елбасыны тапсырмаларының жүзеге асуын қатаң бақылауға алып, халық мүддесін қорғайтын, мемлекетіміздегі басты саяси күш. Биыл партияның құрылғанына 20 жыл толып отыр. Осыған орай, 11 қаңтарда аудандық филиал кеңсесінде дөңгелек үстел ұйымдастырылып, еңбегі еленген нұротандықтар мараптқа кенелді.
Жиын барысында «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Марат атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, лайықты жандарды аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Бұдан бөлек жиналғандар «Алатаудай алыптар шыққан аудан» атты бейнеролик тамашалап, Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары кеңінен талқылады. Сонымен қатар, ауданның 90 жылдығына орай жүзеге асырылатын міндеттерді пысықтады.