Президентіміз Тоқаев 100 күнде не тындырды?

Primary tabs

Қыр 23, 2019 / 0 комментарии

Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы екінші Президент – Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет басшысы лауазымында отырғанына 100 күн болды. 3 айдан астам уақыт ішінде ол 5 заңға қол қойып, 40 жарлық пен 95 қаулы шығарыпты.
Сондай-ақ, әлеуметтік желіде де белсенді Президент Twitter-дегі парақшасына 400-ден артық пост жариялаған. Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шаукенованың сөзіне сенсек, Президент әр сектордың өкілдерімен 140-тан астам кездесу өткізген.