Президент Әкімшілігіне бір жылда 30 мыңнан астам шағым түсті

Primary tabs

Шлд 23, 2020 / 0 комментарии

Президент әкімшілігінің өтініштерді қабылдау бөліміне бір жылда 30 мыңнан астам өтініш түскен. Халықтың арыз-шағымын қадағалау бөлімі өткен жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен құрылған еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. 

Каналдың хабарлауынша, қабылдау бөліміне ай сайын 2,5 мыңға жуық арыз келіп түседі. Өтініштерді қадағалау бөлімінің мамандары Президент әкімшілігіне жолданған шағымдардың барлығы назардан тыс қалмайтынын айтты. Тіпті, олардың жартысынан көбі шешілді деп отыр. 

 «Өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда өтініштерді қабылдау 40 пайызға артып отыр. Бұл енді халық тарапынан осындай бөлім ашылғанын, Президент үндеуінің іске асып жатқанының нақты белгісі деп айтуға болады», - дейді ҚР Президенті Әкімшілігі өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Динара Қадыров.