15 жасар оқушы асылып қалды

Primary tabs

Ақп 16, 2021 / 0 комментарии

Ақтөбе облысына қарасты Темір ауданы Кеңқияқ ауылында 15 жастағы оқушы асылып қалды деп хабарлайды Kaskelen.kz КТК арнасына сілтеме жасай отырып.

"Оқиға орнына барған Кеңқияқ ПБ жедел-тергеу тобы тексеру жүргізіп, сот-медициналық сараптама тағайындады. Қайғылы оқиғаның себебі анықталып жатыр", - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.Полиция ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпаратты құпия сақтап қалды. Айта кетейік, көз жұмған бала Кеңқияқ орта мектебінде оқыған.