Сотталған еріктілер марапатталды

Primary tabs

Қар 20, 2020 / 0 комментарии

Атырауда коронавирустық пандемия кезінде маска тігіп, ерікті болған сотталған әйелдер марапатталды. Бұл жөнінде Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/11 (әйелдер колониясы) мекемесі хабарлады.

- УГ-157/11 мекемесінде жазасын өтеуші 5 сотталған індетпен күрес барысында, қалыс қалмай, мекеменің санитарлық бөлімдерінде медициналық қызметкерлеріне, індеттің алдын алу үшін, іс – шараларды атқарып ерікті түрде көмектерін көрсетті. Сондай-ақ көпреттік маска тігумен айналысты,- дейді мекеме бастығының орынбасары Медет Аджикулов.

Осындай еңбектері үшін сотталған әйелдер Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. Сотталғандар өз еңбектерін бағалап, мадақтағаны үшін алғыстарын білдіріп, елімізде орын алған індетпен бірге күресті бірлесе атқаруға әр дайым дайын екенін айтып, ризашылықтарын бірдірді. 

Бүгінгі таңда мекемеде 150-ден астам сотталған жазасын өтеуде. Айта өту керек, COVID-19 індетімен ауырған сотталғандар болған жоқ.