Суға төлем неге қабылданбады?

Primary tabs

Жел 27, 2018 / 0 комментарии

«Таяуда әлеуметтік желі арқылы тағы бір тұрғын Қаскелең қаласындағы коммуналдық қызмет төлеуге барғанда келеңсіз жайтқа тап болғанын жазды» деп хабарлады kaskelenkz.

Яғни, тұрғынның айтуынша, ол түске жақын пайдаланған су төлемін жасауға барғанда кассада отырған қызметкер дөрекілік көрсетіп, ақшасын қабылдамай, тіпті итеріп шығарып жіберген. Ашынған әйел қандай да бір шара қолдануға көмек сұраған.

Ал, азаматша айыптап отырған «Ж-Каскелен» ЖШС-нің өз айтары бар. Сумен қаматамасыз ететін мекеме басшысының мәлімдеуінше, әйел түскі үзіліс кезінде келіп шу көтерген. Кассирдің ақшаны қабылдамау себебі – бұл кезде кассада инкассация жүргізіліп жатқан.

Мекеме әкімшілігі сонымен қатар, кассаның жұмыс уақыты 8.00-17.00 аралығында, ал, түскі үзіліс 12.00-13.00 аралығында екенін еске салған.