Түркістан полицейлері жол ережесін өрескел бұзған “Toyota Camry” жүргізушісін анықтады

Primary tabs

Нау 16, 2021 / 0 комментарии

Әлеуметтік желілерде белгісіз жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін бұзғаны туралы бейнежазба таралуда. Онда ер адам көлігін басқарып келе жатып, жол бойында есінін ашып, жолға секіріп, өз өмірін қатерге тіккен. Одан бөлек басқа көліктерге кедергі келтірген.

Тексеру барысында Түркістан облысы ПД-ның полицейлері оқиға Төрткүл ауылының маңындағы Шымкент-Самара тас жолында болғанын анықтады. “Toyota Camry” автокөлігімен жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

Нәтижесінде, көлік жүргізушісіне қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 3-бөлігі (Жол жүру ережелерінде көзделген жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға жол жүру ережелерін қатаң сақтау және жолдарда авариялық жағдай туғызбау қажеттігі туралы ескертеді, бұл орны толмас салдарға әкелуі мүмкін. Жүргізушілер есіңізде болсын: жол қателіктерді кешірмейді!