Шетелдік әскери техниканы қазақстандық өнім ретінде көрсеткен кім?
Primary tabs
Билік шетелден әскери техниканы сатып алып, оны отандық өнім ретінде көрсетті деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.
Полковник Мұхтар Қарабековтың айтуынша бұл құйтұрқы әрекетті Дариға Назарбаева қадағалаған.
Қарабековтың айтуынша, мемлекеттік қорғаныс тапсырысын бірінші кезекте отандық тауар өндірушілер орындауы тиіс. Жеңіл өнеркәсіп қарулы күштерді оқ-дәрілермен және киім-кешектермен қамтамасыз етуі керек. Бірақ, бұл дүние жүзеге аспады.
"Жасампаз" консорциумы Алматы, Талдықорған, Шымкент, Петропавл, Көкшетау және Астанадағы бірнеше кәсіпорынды біріктіріп, бірыңғай киім жеткізу құқығына ие болған. Олар бұл тапсырыстарды Қытай, Өзбекстан және Қырғызстандағы кәсіп орындар арқылы жүзеге асырған. Дайын дүние шекарадан негізінен контрабанда түрінде өткен. Шетелден келген өнімді Қазақстанда жасалғандай көрсетіп, қорғаныс министрлігіне тапсырған. Олардың артында кім тұр? Оны қадағалап, қорғаған Дариға Назарбаева", - деді Қарабеков.