Қапшағай қаласында тұрғын үйлер құрлысы қарқынды!

Primary tabs

Ақп 24, 2021 / 0 комментарии

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 50 пәтерлі жалгерлік тұрғын үй салынып, бүгінде құрлысы аяқталды. Ивушка шағын ауданы, Степная көшесінде орналасқан бұл көп қабатты үйдің қазіргі кезде инфрақұрлымдық жүйелерін жүргізу жұмыстары қолға алынуда. Онымен қоса, көз тартарлық заманауи үлгіде бой көтерген үйдің айналасын ретке келтіру мақсатында абаттандыру және көгалдардыру істері қоса жасалмақ. Жалпы құны 574 млн. 640 мың. Мұндағы бір бөлмелі 10 пәтер 36 шаршы метр болса, екі бөлмелі 25 пәтер 54 шаршы метр, үш бөлмелі 15 пәтер 68 шаршы метрді құрайды. «Бағалы Алакөл» ЖШС-ң қолдауымен жұмысқа тартылған 15 адамның күшімен тұрғызылған үй биылғы жылы пайдалануға берілмек. Одан басқа, Қапшағай қаласында 60 пәтерлі тағы да үш тұрғын үй салынбақ. №10 шағын ауданында бой түзейтін бұл үйлердің бүгінде жобалық - сметалық құжаттарын даярлауға облыстық бюждеттен 5 млн.теңге қаражат бөлініп, жалпы ауданы 3,2500 гектар жер учаскесі қарастырылған. Бас жобалау ұйымын анықтау үшін 2021 жылғы 10 ақпанда мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарлама аясында Заречный ауылында 20 пәтерлі тұрғын үй салынбақ. Оған бюджеттен 293,7 млн. теңге қаржы бөлініп, қазіргі кезде бас мердігер анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкрусы жаряланған. Соның нәтижесін де жаңа үй құрлысын жүргізу көзделген. Жаңадан бой көтермек тұрғын үйдің инженерлік коммуникациялық жүйесі мен абаттандыру ісі де қоса жасалу жоспарланған. Соған 45,4 млн.теңге қарастырылған. Жалгерлік бес қабатты бір кіре берісті тұрғын үйдің жалпы пәтер ауданы 1,2 мың шаршы метрді алады. Қазіргі күні жоба бас мердігерін анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкрусы жарияланып отыр. Тағы сол секілді өңірдің жаңа «Самал»,»Ардагер» ықшам аудандарында да тұрғын үйлер түспек. Осыған сәйкес, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру бойынша жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Оған 50,0 млн. теңге де бөлінді. Алдағы уақытта жеке қолдаушы азаматтар табылған жайдай да бұл іс те ретімен жүргізіліп, аталған шағын аудандарына үйлер салыну жоспарланып отыр. Демек, болашақта көзделген игі істер еш кедергісіз жүзеге асырылып, еңбек ақталса, келешекте қапшағайлықтар қуанышқа бөленіп, қонысын тойларын атап өтуде алыс емес сияқты.