Қарасайлық жеке кәсіпкерлер ауданымыздағы ауруханаларға медициналық құрал-жабдықтарды сыйға тартты

Primary tabs

Шлд 21, 2020 / 0 комментарии

Қарасайлық жеке кәсіпкерлер ауданымыздағы ауруханаларға медициналық құрал-жабдықтарды сыйға тартты, деп хабарлайды Kaskelenkz. Бұл туралы аудандық орталық аурухананың инстаграм желісіндегі ресми парақшасында айтылды. 

Атап айтар болсақ,  «AGRO-IMPERIAL» компаниясының басшысы Төрехан Ермекбаев  аудандық орталық ауруханаға жасанды жолмен демалуға көмектесетін оттегі концентратын сыйлады. Құрылғы Шамалған ауылында жуырда ашылған провизорлық стационарға берілді. Сонымен бірге, компания басшысы жақын арада ауруханаға емделушілерге арналған 20 төсек жеткізетіндігін де айтты.

Ал «Каз ПАКО» мен «BI Group» компаниялары бірлесе отырып, аудандық орталық ауруханасына 3 оттегі концентраторын сыйға тартты. Бүгінде ол құралдардың екеуі реанимация бөлімінде, ал біреуі перзентханада қолданылуда. 



Сонымен қатар, Елтай округінде орналасқан дәрігерлік амбулаторияның медбикесі Зухра Губайдулина ота жасайтын бөлімге сұйық биологиялық материалды жарадан немесе науқастың дене қуысынан алып тастауға арналған хирургиялық аспиратор құрылғысын тарту етті. 

Жақсының жақсылығын айт демекші, осындай қиын кезеңде барымен бөлісіп, игілікті іс жасап жатқандарға аурухана ұжымы алғыс білдірді.