Қарасай ауданында 17 млн теңге пара алған аудит маманы 4 жылға сотталды

Primary tabs

Шлд 02, 2021 / 0 комментарии

Алматы облысында 17 млн теңге пара алды деген аудит бөлімінің бас маманы 4 жылға сотталды, - деп хабарлайды Kaskelen.kz тілшісі.

«2021 жылдың 23 маусымында Алматы облысы Қарасай аудандық сотының үкімімен мемлекеттік аудитор – «Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ мемлекеттік аудит бөлімінің бас маманы Г. Қалдарбекова (ҚК 366-бабы 3-бөлігі 3-тармағы) 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Г. Қалдарбекова «Қарасай ауданының білім бөлімі» ММ лауазымды тұлғаларынан мемлекеттік аудиттің оң қорытындылары үшін 17 млн. теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Ол параны төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жеке мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бюджет қаражатын қаржыландырудың және мақсатты пайдалануының негізділігі мәселелері бойынша және мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында аударымдардың залалдарын субсидиялауға, сондай-ақ 2017-2020 жылдар кезеңінде цифрлық технологияларды енгізуге, оның ішінде «Балапан» бағдарламасы бойынша бөлінген жұмыстар үшін алған»,- делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің бапсасөз қызметі жариялаған ресми хабарламада.