Қарасай ауднындағы жанұя жүрегінде ақауы бар төрт айлық баласына жанұшыра көмек сұрауда
Primary tabs
Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғындары Төлегенов Ерасыл мен Төлегенова Гүлнұр қазақстандықтардың көмегіне зәру. Ерлі-зайыптылардың көптен күткен баласына жүрек ақауы диагнозы (порок сердца) қойылған. Олардың айтуынша, төрт айлық сәбиінің еміне 20 миллион теңге қажет деп хабарлайды Kaskelen.kz.
"Көптен күткен баламызға жүрек ақауы диагнозы қойылды. Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы мен еліміздегі басқа да медициналық мекемелер бұндай операцияны бір жасқа толғанға дейін жасамайды екен. Қазір баламыз 4 айлық.
Нақтырақ айтсақ, олар cәбидің тірі қалуына ешқандай кепілдік бере алмай отыр. Ал нәрестенің жүрек клапынын тез арада ауыстыру қажет. Сондықтан отандық мамандар шетелдегі клиникаларды қарастыруды ұсынуда", - дейді Ерасыл мен Гүлнұр.
Олар бауыр еті - баласының емі үшін Түркияның Стамбул қаласындағы медициналық орнатылықты таңдаған.
Ерлі-зайыптылардың сөзінше, клиника дәрігерлері алдымен диагноз қойып, содан кейін операция түрін таңдайтынын жеткізген.
Рамазан айында қазақстандықтардан көмек сұрауға мәжбүрміз деген алматылық жанұя нәрестенің емі үшін 20 миллион теңге керек екенін, қазіргі уақытта ел тұрғындарынан үш миллионнан астам қаражат жиналғанын жеткізді.
"Мүмкіндігінше ақшалай қол ұштарыңызды берулеріңізді сұраймыз. "Көп түкірсе көл" дейді ғой халқымыз, сол айтқандай 100, 200, 500, 1000 теңге болса да жіберіңіздерші деп өтінеміз. Сіздер берген әрбір тиын - баланың өмір сақтап қалуға жасалған нық қадам. Рамазан айында жасаған жақсылықтарыңыз Алладан мың есе болып қайтсын", - деді Ерасыл мен Гүлнұрдың достары.
Көмек қолын созам деген жандар үшін оның байланыс нөмірі: +77077280561
Төлегенова Гүлнұр Жанатқызы
Kaspi gold +77077280561
CASPKZKA
KZ84722C000018286928
"Қазақстанның халық банкі" АҚ
HSBKKZKX KZ586010002013471544
ИИН 911101402034